Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы шет елдерде тұрақты немесе уақытша тұратын ел азаматтарын есепке алудың жаңа қағидасы күшіне енді.
Бұл жүйе отандастарымыздың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ қажетті консулдық көмек көрсетуге бағытталған, деп хабарлайды jananews.kz.
Есепке қоюға қажетті құжаттар тізімі
Шет елдердегі мекемелер тиісті консулдық округ аумағында жүрген Қазақстан азаматтарының есебін жүргізеді. Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттар ұсынылуы тиіс. Тұрақты тұратын азаматтар үшін жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат, Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға шығуды ресімдеу туралы шешім (немесе хабарлама) және толтырылған есепке алу карточкасы қажет. Ал уақытша тұратын азаматтар үшін жеке басын куәландыратын құжат немесе электрондық құжат және толтырылған есепке алу карточкасы қажет.
Уақытша тұратын азаматтар қатарына шетелге қызметтік іссапарға, жұмысқа, оқуға, емделуге, туристік немесе жеке сапармен, сондай-ақ халықаралық міндеттемелерді орындауға жіберілген әскери қызметшілер мен азаматтар жатады.
Қазақстан азаматын есептен шығару негіздері
Азамат төмендегі жағдайларда шетелдегі мекемедегі есептен шығарылады:
-
Өзі немесе заңды өкілі есептен шығару туралы еркін нысанда өтініш берсе;
-
Еліміздің басқа шет елдердегі мекемесінде есепке қойылғаны туралы хабарлама келсе;
-
Карточкада көрсетілген уақытша орналасу немесе тұрақты тұру мерзімі аяқталса;
-
Қайтыс болса немесе сот шешімімен қайтыс болды / хабар-ошарсыз кетті деп танылса;
-
Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылса.
Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттайды — jananews.kz

