Гонконг қаласында өтіп жатқан семсерлесуден ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан спорт тарихында бұрын-соңды болмаған сенсациялық триумф тіркелді.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Финалдағы тарихи жеңіс және әлем алтыны
Бас жүлде үшін болған финалдық кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов Украина семсерлесу шеберлерімен шеберлік байқасты. Тартысты өткен айқас 45:40 есебімен еліміздің спортшыларының пайдасына аяқталып, отандық төрттік Қазақстанға семсерлесу тарихындағы алғашқы әлем чемпионатының алтын жүлдесін сыйлады.
Осыған дейінгі үздік көрсеткіш ретінде Грузия астанасы Тбилисиде өткен әлем чемпионатында Францияны жеңіп иеленген қола медалі саналған еді. Осылайша, ұлттық құрама бұл жолы әлемдік чемпиондық мәртебені бағындырды.
Чемпиондардың турнирлік жолы
Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатында барлық қарсыластарын айқын басымдықпен тізе бүктірді:
1/16 айналым: Қазақстан – Финляндия (45:39)
1/8 айналым: Қазақстан – Өзбекстан (28:27)
Ширек финал: Қазақстан – Дания (45:36)
Жартылай финал: Қазақстан – Мысыр (41:32)
Финал: Қазақстан – Украина (45:40)
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 1000-нан астам жүлде жеңіп алды — jananews.kz

