Жазғы Азия ойындарының басталуына 29 күн қалды

Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарының басталуына тура 30 күн қалды.

Сары құрлықтың ең басты кешенді бәсекесі 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында ұйымдастырылады. Дүбірлі доданың ресми ұраны – «Imagine One Asia» («Біртұтас Азияны елестет»). Азия Олимпиада кеңесінің дерегінше, бұл додаға құрлықтың 45 елі мен аймағынан 11 000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарланған.

43 спорт түрі және 469 медаль жиынтығы

Спортшылар 43 спорт түрі бойынша 469 медальдар жиынтығын сарапқа салады. Халықаралық спорт ұйымдарының шамамен 6 000 ресми өкілі мен делегация мүшелері келеді. Жарыс барысына қызмет етуге 10 200 ерікті жұмылдырылып, жарысты тікелей көрсету мен ақпарат таратуға 5 300 тіркелген БАҚ қызметкері қатысады.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, отандық атлеттер осы бәсекеге мықты дайындықпен барады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 35 түрі бойынша сынға түседі. Құраманың алдын ала тізіміне 571 спортшы енгізілді. Бұл көрсеткіш Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен алдыңғы жазғы Азия ойындарымен салыстырғанда жоғары (ол кезде ел намысын 523 спортшы қорғаған болатын).

 

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы шағын өндірушілерге жаңа нарыққа шығуға мүмкіндік береді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img