Еліміздегі мектептерге қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді

Қазақстанда мектеп оқушыларының қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаңа бастама қолға алынды.

2026–2027 оқу жылынан бастап еліміздің орта білім беру ұйымдарында 5–11 сынып оқушыларына арналған «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді, — деп хабарлайды jananews.kz.

Курстың мақсаты мен ерекшеліктері

Бұл бағдарламаның басты мақсаты – балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, түрлі қауіп-қатерді дұрыс бағалауға, саналы шешім қабылдауға және қиын жағдайда ересектерден дер кезінде көмек сұрауға үйрету. Оқу бағдарламасы жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген. Оқушылар өмірде кездесетін түрлі жағдайларды талдап, рөлдік ойындар мен арнайы жаттығулар арқылы эмоцияларын басқаруды және қауіпсіз әрекет етуді меңгереді. Сондай-ақ 5–8 сыныптар үшін – жылына 8 сағат, ал 9–11 сыныптар үшін – 17 сағат қарастырылған. Жоғары сынып оқушылары үшін қосымша түзете-дамыту бағытындағы сабақтар өткізіледі.

Психологиялық диагностика және сабақ беру форматы

Курс аясында оқушылардың психологиялық жағдайын анықтауға бағытталған диагностика жүргізіледі. Бұл әр баланың жеке қажеттіліктерін ескеріп, қажетті қолдау жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндік береді. Министрлік атап өткендей, диагностика қорытындылары ешқашан баға қою немесе оқушыларды қандай да бір санаттарға бөлу үшін қолданылмайды. Сабақтарды тікелей білім беру ұйымдарының штаттық педагог-психологтары жүргізеді. Курстың басты нәтижесі – оқушылардың алған білімі мен қауіпсіздік дағдыларын күнделікті өмірде тиімді қолдана білуі.

Алматыда тауға шығарда тіркелетін арнайы сайт іске қосылды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img