Қазақстанда қызмет көрсететін TikTok, YouTube және өзге де халықаралық цифрлық платформалар ұлттық заңнама талаптарын, соның ішінде жасанды интеллект (ЖИ) арқылы жасалған контентті реттеу нормаларын қатаң сақтауға міндетті.
Бұл туралы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бақтияр Мұхаметқалиев мәлімдеді. Вице-министрдің атап өтуінше, заңнамалық талаптар жекелеген контент авторларына ғана емес, елімізде аудиториясы бар барлық цифрлық гиганттарға бірдей қолданылады.
Цифрлық платформалардың заңды жауапкершілігі
Халықаралық компаниялардың елімізде өкілдігінің болу-болмауына қарамастан, олар Қазақстанның ақпараттық заңнамасына бағынуы тиіс. TikTok-тың Қазақстанда ресми өкілдігі жұмыс істейді. Ал елімізде физикалық кеңсесі жоқ өзге де платформалар заңды тұлға ретінде Қазақстан заңнамасының нормаларын орындауға міндетті. Тұтынушыларға ұсынылатын ақпараттық өнімдердің қауіпсіздігі мен шынайылығын қамтамасыз ету платформалардың басты жауапкершілігіне кіреді.
Жасанды интеллект контентін таңбалаудың маңызы
Жасанды интеллект арқылы жасалған медиа-контентті арнайы таңбалау заңнамалық деңгейде бекітіліп жатқан негізгі жаңашылдықтардың бірі. ЖИ көмегімен жасалатын дезинформация мен алаяқтық әрекеттердің көбеюіне байланысты контенттің тегін ашық көрсететін таңбалау ауадай қажет. ЖИ контентін таңбалау тек сайлау науқандары кезінде емес, азаматтардың күнделікті ақпаратты тұтыну процесінде де тұрақты қолданылуы тиіс.
TikTok, YouTube және Meta сияқты платформалар ЖИ арқылы жасалған медианы автоматты түрде анықтайтын алгоритмдерін заң талаптарына сәйкестеуі керек.
Мысырда 2500 жыл бұрынғы ғибадатхананың қалдықтары табылды — jananews.kz

