Археологтар Мысырдың батысындағы Бахария оазисіндегі Әл-Қаср әл-Қадим («Ескі сарай») ғибадатханасының орнынан біздің дәуірімізге дейінгі 664-525 жылдар аралығында билік еткен 26-шы әулетке тиесілі шамамен 2500 жылдық ежелгі храмдар кешенінің қалдықтарын тапты.
Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Тарихи олжалар мен сәулеттік сипаттамасы
Ежелгі ескерткіштер жоғары кеңесінің экспедициясы зерттеу барысында бірқатар бірегей артефактілер мен құрылыс жүйелері сақталған. Археологтар 16 құмтас бағанасы бар ғибадатхананың негізгі залын, сондай-ақ оған іргелес бөлмелер мен храмдарды тапты. Қабырғалар мен архитектуралық элементтерде Ежелгі Египеттің Амун-Ра, Амунет, Хонсу сияқты құдайларының есімдері жазылған иероглифтер сақталған. Құмтас блоктарында перғауын Псамтик I-дің есімдері мен титулдары қашалған. Құрылыс осы перғауын тұсында басталып, Уахибре (Априй) мен Яхмос II (Амасис) кезеңдерінде аяқталған.
Бахария оазисінің ежелгі тарихы
Ежелгі ескерткіштер жоғары кеңесінің бас хатшысы Хишам Эллейси мен Мысыр көне жәдігерлер секторының басшысы Мұхаммед Абд әл-Бади бұл олжалардың өңірдің ежелгі әкімшілік және діни орталығы ретіндегі маңызын растайтынын атап өтті.
Алматыда SOS батырмасы бар алғашқы телемедициналық модуль іске қосылды — jananews.kz

