Енді шетелдіктер Қазақстанға электронды рұқсат арқылы кіре алады

Қазақстанда шетелдік азаматтардың ел аумағына кіруін реттейтін жаңа электронды рұқсат жүйесі енгізілуде. Тиісті заңнамалық түзетулерді ҚР Ішкі істер министрлігі дайындады.

ІІМ өкілдерінің хабарлауынша, бұл жүйе еліміздегі көші-қон ағындарын бақылау процесін әлдеқайда жедел, ашық әрі қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.

Жаңа жүйенің жұмыс істеу тәртібі мен қаржыландыруы

Электронды рұқсат жүйесін енгізу шекаралық бақылау сапасын арттырумен қатар, цифрлық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған. Электронды рұқсатты ресімдегені үшін арнайы төлемақы алынады. Түскен қаражат мемлекеттік цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, жүйені үздіксіз техникалық сүйемелдеуге және азаматтардың дербес деректерін қорғауға жұмсалады. Көші-қон бақылауы толықтай цифрлық форматқа көшіріліп, шекарадан өту процесі жеңілдетіледі.

Жаңа тетік бірден емес, дайындық шараларымен қатар жүзеге асырылады. Шекара бекеттерін заманауи техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету және жүйені пилоттық режимде сынақтан өткізу басталды. 2026 жылғы тамыз – желтоқсан айлары аралығында шекаралық өткізу пункттері біртіндеп жаңа электронды рұқсат жүйесіне толықтай интеграцияланады.

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img