Биылдан бастап ЖОО-ға түсу кезінде мектеп түлектерінің қоғамдық белсенділігі ескеріледі

Қазақстанда жоғары оқу орындарына (ЖОО) қабылдау кезінде талапкерлердің мектеп кезіндегі қоғамдық белсенділігіне, оның ішінде волонтерлік қызметіне ерекше басымдық беріледі.

Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «Астана жастары» КММ басшысы Шыңғыс Тілеулин мен «Ұлттық волонтерлік желі» атқарушы директоры Татьяна Миронюк өзгерістің басты артықшылықтарын түсіндіріп өтті.

Волонтерлік тәжірибенің басты артықшылықтары

Халықаралық озық университеттердің тәжірибесіне негізделген бұл бастама жастар үшін бірнеше маңызды мүмкіндіктерді ашады:

1) Талапкерлердің ҰБТ және академиялық көрсеткіштері тең түскен жағдайда, мектеп кезіндегі әлеуметтік бастамалар мен волонтерлік сағаттары шешуші артықшылық береді.

2) Жастардың қарым-қатынас жасау, командада жұмыс істеу, жауапкершілік және бастамашылдық сияқты маңызды қабілеттерін шыңдайды.

3) Жұмыс берушілер волонтерлік тәжірибесі бар жастарды жауапкершілігі жоғары мамандар ретінде бағалап, жұмысқа орналасуына қолдау көрсетеді.

Түлектерге арналған маңызды кеңестер

Сарапшылар волонтерлік қызметпен айналысатын оқушыларға бұл тәжірибені ресми түрде бекітуді ұсынады. Тек алғыс хаттармен шектелмей, атқарылған волонтерлік сағаттардың нақты саны көрсетілген арнайы сертификаттар мен құжаттарды жинақтау. Сертификаттарды ЖОО-ға құжат тапсыру кезінде де, болашақта жұмысқа орналасу үшін түйіндемеде де (CV) міндетті түрде көрсету. Түлектер дайындалған портфолио арқылы Қазақстанның және шетелдің беделді университеттеріне түсу мүмкіндігін арттыра алады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img