Қазақстан — Орталық Азияда аналарды әлеуметтік қолдау деңгейі ең жоғары елдердің бірі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, еліміз Орталық Азия өңірінде аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау деңгейі бойынша алдыңғы қатарда.

Жүктілікке және босануға байланысты төленетін біржолғы әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері 2 миллион теңгеден асып жығылады. Бұл ресми жұмыспен қамтылудың маңызын артырып, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) арқылы аналарды қаржылай қорғауды қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жаңа проактивті модулі

Министрлік пен Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері біріктіріліп, төлемді есептеу процесіне жасанды интеллект пен зияткерлік алгоритмдер енгізілді. Жаңа модель деректерді тексеру мен төлемді бекітуді толықтай автоматтандырды. Төлем мөлшері азаматтың ресми еңбек өтіліне, табыс деңгейіне және төленген әлеуметтік аударымдардың көлеміне тікелей байланысты. Алгоритмдер әлеуметтік аударымдар тарихын, табыстың өзгеруін және еңбек қызметінің нақтылығын адамның қатысуынсыз бағалайды. Болашақ ананың еңбек өтілі мен нақты табысы расталған деректер негізінде есептеліп, қателіктер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылады.

Мемлекеттік қызметті проактивті форматта алу кезеңдері

Ресми жұмысы мен тұрақты табысы бар әйелдерге құжат жинаудың немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) барудың қажеті жоқ:

1) Ақпараттық жүйе азаматтың декретке шығу парақшасы мен еңбек өтіліне сүйене отырып, төлем мөлшерін автоматты түрде есептейді.

2) Болашақ ананың телефонына 1414 бірыңғай байланыс орталығынан проактивті қызмет көрсету туралы арнайы SMS-хабарлама келеді.
3) Азаматша келген хабарламаға келісім жауабын жібергеннен кейін, әлеуметтік төлем банк шотына автоматты түрде аударылады. 

Биылдан бастап ЖОО-ға түсу кезінде мектеп түлектерінің қоғамдық белсенділігі ескеріледі — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img