Каспийден суды тазартуға көмектесетін ұлу табылды

Каспий теңізінен су экожүйесінің тазалығын сақтауға ықпал ететін сирек кездесетін ұлулардың бір түрі анықталды.

Бұл туралы 24KZ телеарнасы хабарлады. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Жайық өзені атырауы мен Каспий теңізі жағалауының биоалуантүрлілігін зерттеу барысында Каспийдің эндемигі саналатын Pyrgohydrobia conica атты ұлу түрін тапты.

Ұлудың эколологиялық маңызы мен ерекшелігі

Бұл шағын бауыраяқты моллюска көлемі жағынан кішкентай болғанымен, табиғи орта мен судың сапасы үшін өте маңызды роль атқарады. Ұлу негізінен қамыс өскен таяз суларда және табиғи лайлы-құмды түбінде тіршілік етеді. Ол органикалық қалдықтармен және микроскопиялық балдырлармен қоректеніп, судың біртіндеп табиғи тазаруына септігін тигізеді. Судағы балықтар мен су құстарының қорек тізбегіндегі негізгі элементтердің бірі саналады. Су экожүйесінің жалпы экологиялық жағдайын мен тазалық деңгейін көрсететін басты биоиндикаторлардың бірі.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img