Астанада Qazaqstan Barysy-2026 өтеді

Астанадағы Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 15 тамыз күні қазақ күресінен мерейтойлық XV Qazaqstan Barysy-2026 супертурнирі өтеді.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, боз кілемде еліміздің барлық өңірінен іріктелген 40 балуан бақ сынайды. Турнир аясында жеңімпазға бас жүлде, алтын белбеу және «Тайтұяқ» ауыспалы кубогы тапсырылады.

Үш чемпионның оралуы және басты фавориттер

Биылғы мерейтойлық турнирдің басты ерекшелігі — жыл сайынғы чемпион атанған 3 балуанның қайта белдесуі. 2017 жылғы турнир жеңімпазы Еламан Ерғалиев арада 9 жыл салып боз кілемге қайта оралды.

2021 жылғы Qazaqstan Barysy чемпионы Дәурен Нұралинов,  2023 жылғы бас жүлде иегері Ғалымжан Қырықбай,  Қайсар Шәмшидинов — 100 кг-нан жоғары салмақтағы 2025 жылғы Азия чемпионы, «Түркістан Барысы-2026» турнирінің жеңімпазы. Нұрдәулет Жарылғапов («Қара бура») турнирдің 3 дүркін жүлдегері, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы. Qazaqstan Barysy-2024 турнирінің қола жүлдегері Саят Шәмшиев, Қазақстан чемпионы, ІІМ қызметкері Олжас Шынкеев, әскерилер намысын Айдар Бескемпір (Азия кубогының жеңімпазы) мен Әділ Оразбаев қорғайды.

Еліміздің барлық облыстарынан, «Түркістан Барысы» мен «Әскер Барысы» жарыстарынан ең үздік 40 балуанды анықтау. Шаршы алаңда жеңіске жеткен балуанға Qazaqstan Barysy-2026 титулы мен ауыспалы кубок салтанатты түрде табысталады.

 

Соня Жиенбаева Испаниядағы турнирде чемпион атанды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img