Елімізде 1 млн гектардан астам аумақта орманды қалпына келтіру жоспарланып отыр

Қазақстанда орман-климаттық жобаларды дамыту, орман қорын қалпына келтіру және көміртекті қаржыландыру саласына халықаралық инвестициялар тарту мақсатында тиісті заңнамалық түзетулер қабылданды.

Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Өңірлік экологиялық саммит (РЭС) аясында қол қойылған «Орталық Азияның жасыл қалқаны» бастамасы бойынша елімізде 1 044 500 гектар аумақта ормандарды қалпына келтіру және жасыл екпелерді ұлғайту көзделген.

Инвестиция тарту және First Carbon Group жобасы

Орман-климаттық жобаларды жүзеге асыру бағытында Экология және табиғи ресурстар министрлігінде First Carbon Group Ltd. компаниясының өкілдерімен ресми кездесу өтті. Инвесторлар халықаралық капитал мен көміртек нарығының заманауи тетіктерін тарта отырып, 100 мың гектарға дейінгі аумақта жаңа орман алқаптарын құру бастамасын таныстырды. Бұл кездесу орман-климаттық жобаларды потенциалды инвесторларға таныстырудың алғашқы қадамы болды. Министрлік отандық және шетелдік инвестицияларды тарту жұмыстарын ары қарай да белсенді түрде жалғастырады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img