Қазақстанда заңды тұлғалар үшін телефон нөмірлерін міндетті түрде сәйкестендіру (Caller ID) талабы енгізілді.
Бұл жүйе кибералаяқтық қатерлерін және алаяқтық операцияларды айтарлықтай азайтуға бағытталған, — деп ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді.
Жаңа жүйенің жұмыс істеу механизмі
Заңнамалық деңгейде бекітілген бұл реформа бизнес пен азаматтар арасындағы байланыс қауіпсіздігін арттыруды көздейді. Егер азаматқа қандай да бір компаниядан немесе заңды тұлғадан қоңырау түссе, ол нөмір телефонның контактілер тізімінде сақталмаса да, экранда компанияның ресми атауы бірден шығады. Жүйе ұйымдардың атын жамылып қоңырау шалатын телефон алаяқтарының мүмкіндігін шектеп, киберқауіптердің алдын алады. Қазіргі уақытта Цифрлық даму министрлігі мен операторлар жүйені толыққанды іске қосу үшін техникалық жұмыстарды жүргізілуде. Ростислав Коняшкин жобаның нақты іске қосылу мерзімі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті тарапынан қосымша нақтыланатынын атап өтті.

