VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің отырысында жауапты мемлекеттік органдарға дайындық шараларын аяқтау жұмыстарын күшейту тапсырылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстары қорытынды кезеңге өтті. Отырыс барысында халықаралық іс-шараның жалпы бағдарламасы, мәдени, спорттық және ғылыми бағыттары, сондай-ақ жабылу салтанатының тұжырымдамасы мен қатысушыларды орналастыру, медициналық қауіпсіздік шаралары қаралды.
Өтетін орындары мен басты нысандар
Ауқымды халықаралық дода Қырғызстанның бірнеше негізгі алаңдарында ұйымдастырылады. 31-тамыз күні Бішкек қаласындағы жаңа стадионда өтеді. Ал спорттық, мәдени және ғылыми шаралар Ыстықкөл облысының Чолпон-Ата қаласы мен Қырчын шатқалында жалғасады. Қырчын этноқалашығы, Көшпенділер өркениеті орталығы, «Рух-Ордо» мәдени кешені, ипподром және заманауи спорт кешендері толық дайындалуда.
Турнирдің ерекшеліктері мен қатысушылар
2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тұмары ретінде Батай есімді ілбіс (барыс) таңдалды. Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт агенттігінің мәліметінше, көкбөрі мен көкпар екі бөлек спорт түрі ретінде өткізіледі. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстанның ұлттық құрамасы толық жасақталды. Оған 155 спортшы, 49 жаттықтырушы және өзге де арнайы мамандар енді.
Қырғызстанда Көшпенділер ойындарының рухани және үйлестіруші орталығы мәртебесін елге заң жүзінде бекіту бастамасы көтерілуде.
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді — jananews.kz

