Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады.

Кездесу барысында Президентке ведомство жұмысының негізгі нәтижелері, азаматтық қорғаныс жүйесін жаңғырту барысы және алдағы кезеңге арналған стратегиялық жоспарлар баяндалды. Президент министрліктің азаматтық қорғау саласын жетілдіру бойынша атқарып жатқан жұмыстарына оң баға беріп, өңірлердегі қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Материалдық-техникалық базаны жарақтандыру және жаңа бөлімшелер

Министрліктің инфрақұрылымы мен жедел әрекет ету мүмкіндіктерін арттыру бағытында мынадай шаралар атқарылды:

Соңғы 2 жыл ішінде құтқару бөлімшелері 1,4 мыңнан астам арнайы техникамен, авиациямен, заманауи құтқару жабдықтарымен, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен (дрон) және сандық байланыс құралдарымен қамтамасыз етілді.

Елімізде әмбебап құтқару құрылымдары, сондай-ақ арнайы авиация және теңіз жасақтары құрылып, бөлімшелер желісі кеңейтілді.

«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 237 ерікті өрт сөндіру бекеті салынып, пайдалануға берілді. Бұл бекеттер еліміз бойынша шамамен 700 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін тікелей қамтамасыз етеді.

Тұрғындарды жаппай шұғыл хабардар ету жүйесі кеңейтіліп, министрліктің Ахуалдық орталығының мүмкіндіктері арттырылды. Табиғи өрт ошақтарын ерте анықтайтын цифрлық жүйелер бірыңғай желіге біріктірілуде.

Ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында кешенді жобалар қолға алынды. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге арнайы тұрғын үй төлемдері қарастырылған. ТЖМ қызметкерлері үшін өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару базаларының жанынан барлық әлеуметтік инфрақұрылымы қамтылған жаңа тұрғын үй кешендерін салу бастамасы іске асырылуда.

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img