Елімізде медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында заманауи цифрлық шешімдер енгізілуде.
Жыл соңына дейін 3,8 мыңнан астам медицина қызметкері мен 2,1 мың жедел жәрдем бригадасы арнайы смарт-бейнежетондармен жабдықталады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. Бұл бастама дәрігерлердің құқықтарын қорғауға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Медицина саласына енгізіліп жатқан цифрлық жүйeлер
Денсаулық сақтау ұйымдары мен жедел жәрдем қызметін цифрландыру аясында бірқатар маңызды жобалар іске қосылуда. Смарт-бейнежетондар мен SOS батырмалары полиция қызметкерлерімен шұғыл байланыс орнатуға және дағдарыс жағдайларында дер кезінде көмек шақыруға мүмкіндік береді. «Суық тізбек» жүйесі — вакциналар мен дәрі-дәрмектердің дұрыс сақталу жағдайын қатаң бақылауда ұстауға арналған. Қазірдің өзінде ауылдық жерлердегі 655 медициналық ұйым мен ҚАЖ жүйесінің 72 мекемесінде орнатылған.
«Қазақтелеком» өкілі Бахтияр Қожахметовтың айтуынша, енгізілген телемедициналық жүйелер пациенттерге қашықтан 24-ке дейін зерттеу түрін жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе шалғай өңірлердегі тұрғындар үшін сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін айтарлықтай арттырмақ.
Еліміздегі барлық қаржылық қызметтер бір платформаға біріктіріле ме? — jananews.kz

