Еліміздегі барлық қаржылық қызметтер бір платформаға біріктіріле ме?

Алматыда өтіп жатқан Central Asia Fintech Summit саммитінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова елдің қаржы нарығын дамыту үшін Open Banking-тен Open Finance тұжырымдамасына көшу қажеттігін мәлімдеді.

Қазіргі таңда банкинг, сақтандыру, микроқаржыландыру қызметтері және бағалы қағаздар нарығы негізінен бөлек дамығандықтан, жаңа жүйе бұл салаларды бірыңғай экожүйеге тоғыстырмақ.

Open Finance жүйесінің негізгі артықшылықтары

Мадина Әбілқасымованың айтуынша, бұл тәсіл тұтынушылар мен қаржы институттары үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Клиенттер әртүрлі қаржы өнімдерін (банкинг, сақтандыру, инвестиция) бір платформадан көріп, еркін пайдалана алады. Қаржы институттары клиенттер үшін ең қолайлы және тиімді өнімді ұсыну арқылы өзара бәсекелеседі. Қазіргі уақытта сақтандыру өнімдерін өзара салыстыру және таңдау үшін бірыңғай цифрлық платформа жетіспейтіндігі айтылды. Бұл мәселе жаңа заңнама жобасында қарастырылған.

Жаңа қаржы технологияларын реттеу бейтарап ретінде қалып, негізгі назар бәсекелестікті, киберқауіпсіздікті, жеке деректерді қорғауды және тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз етуге аударылуы тиіс.

Француз тарихшысы Мари Фавероның «Алтын Орда» кітабы қазақ тілінде жарық көрді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img