Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Сеул қаласына мемлекеттік сапармен барды.
Сапар аясында екі ел арасындағы байланысты нығайтуға сүбелі үлес қосқан бір топ корей қайраткеріне мемлекеттік наградалар тапсырылды. Салтанатты шара барысында Мемлекет басшысы қазақ пен корей ежелден достас халықтар екенін атап өтіп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңызына тоқталды.
Екіжақты қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестік
Президент екі мемлекет арасында терең саяси диалог орнап, сауда-экономикалық байланыстардың қарқынды дамып жатқанын жеткізді. Машина жасау, энергетика, металлургия және озық технологиялар салаларында бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда. Әлемге танымал корей компаниялары Қазақстанда табысты жұмыс істеуде.
Қазақстанда тұратын 100 мыңнан астам корей ұлтының өкілдері, атап айтқанда корё-сарам қауымдастығы еліміздің ынтымақ-бірлігіне орасан зор үлес қосып отыр. Елімізде корей театры жұмыс істейді, газет шығады және радиохабар таратылады.
II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталғандар
Қазақстан мен Корея арасындағы достық пен өзара түсінікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды:
Мэн Сон Гю – Корея Республикасы Ұлттық жиналысының 22-шақырылым депутаты;
Ли Чжэ-кан – Корея Республикасы Ұлттық жиналысының 22-шақырылым депутаты;
Ли Сан Гюн – Сеул киберуниверситетінің президенті;
Сон Ён Хун – Хангук шет тілдері университетінің (HUFS) профессоры, Орталық Азияны зерттеу институтының директоры;
Ким Бу Соп – Hyundae General Hospital көпбейінді клиникасының директоры.

