Қазақстан жыл соңына дейін Қытаймен шекарааралық QR төлемдерін іске қоспақ

Алматыда өткен Central Asia Fintech Summit саммитінде Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов еліміз 11 мемлекетпен шекарааралық төлем жүйесін іске қосуға дайындық жүріп жатқанын мәлімдеді.

Ең маңызды жаңалықтардың бірі – 2026 жылдың соңына дейін Қытай мен Қазақстан арасында QR-код арқылы өзара төлем жасау жүйесі жұмыс істей бастайды.

Шекарааралық төлем жүйесі қалай жұмыс істейді?

Бинұр Жәленовтің айтуынша, қазіргі таңда бұл бағытта бірқатар практикалық келісімдерге қол қойылған. Жобаға Қытай, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан, Өзбекстан бастаған 11 ел кіреді. Қытайдан кейінгі мемлекеттермен жүйені келесі жылдың ортасына қарай іске қосу жоспарланған.

Қазақстандықтар өздерінің банк қосымшаларын пайдаланып, Қытайда жүргенде де QR-кодты сканерлеу арқылы оңай төлем жасай алады. Дәл сол сияқты шетелдік қонақтар да біздің елімізде осы жүйе арқылы есеп айырыса алады. Төлем жасау кезіндегі комиссия мөлшерін банктердің өздері дербес бекітетін болады. Бұл бастама екі ел арасындағы туристік және сауда-экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге көтеріп, азаматтарға үлкен қолайлылық тудырмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барып, бірқатар қайраткерді марапаттады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img