Швейцарияның беделді IMD World Competitiveness Center орталығы жариялаған жаһандық зерттеу қорытындысы бойынша, Қазақстан әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті елдер рейтингінде 38-орынға жайғасты.
Осылайша, еліміз ТМД елдері арасында аталған беделді тізімге енген жалғыз мемлекет атанды.
Рейтинг көрсеткіштері мен негізгі бағыттар
Зерттеу барысында әлемнің 70 елінің экономикасы төрт негізгі фактор бойынша бағаланды. Биылғы рейтингте жалпы 65,4 балл жинаған Қазақстан мынадай сатыларды иеленді:
Мемлекеттік басқару тиімділігі: 23-орын;
Бизнестің тиімділігі: 23-орын;
Инфрақұрылым: 43-орын;
Экономикалық көрсеткіштер: 57-орын.
Қазақстан бұл жаһандық тізімде өзінің көрсеткіштері арқылы Испания, Португалия, Польша, Италия және Аргентина сынды бірқатар дамыған және дамушы елдерді артта қалдырды.
Макроэкономикалық көрсеткіштер мен халықаралық баға
Еліміздің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері де халықаралық сарапшылар тарапынан атап өтілді. Елдің нақты ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрап, бұл бағытта еліміз әлем бойынша 6-орынға ие болды. Халқының саны 20,4 миллион адамға жетіп (32-орын), жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды (31-орын) құрады. Бұған дейін S&P Global Ratings халықаралық агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне көтерген болатын. Бұл – елдің 2016 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіші. Агенттік еліміздің экономикалық орнықтылығын, инвестициялық әлеуетін және қаржылық буферлерінің жеткілікті екенін жоғары бағалады.
Ғалымдар ұйқы безі обырын емдеудің жаңа тәсілін тапты — jananews.kz

