Депозиттерге салық салына ма?

Әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың банктік депозиттері бойынша алынатын сыйақыларға салық енгізіледі деген ақпарат тараған болатын.

Алайда бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді, — деп хабарлайды jananews.kz.

Үкімет пен Ұлттық экономика министрлігінің ресми мәлімдемесі

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мен Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Үкіметте депозиттерге салық енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.  Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері бойынша алатын сыйақыларына жеке табыс салығы салынбайды.

Желіде тараған банк депозиттері бойынша 5% мөлшерінде салық енгізіледі деген ақпараттың ешқандай заңнамалық негізі жоқ. Тұрғындарға әлеуметтік желілердегі тексерілмеген мәліметтерге сенбей, тек ресми дереккөздерге жүгіну ұсынылады.

Алматыдағы Наталия Сац театры күрделі жөндеуден кейін қайта есігін ашты — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img