Криминология – латын тілінен аударғанда «қылмыс туралы ғылым» деген мағынаны білдіретін, қылмыскердің жеке басын, қылмыстың себептері мен шарттарын, сондай-ақ оның алдын алудың жолдары мен әдістерін зерттейтін әлеуметтанулық-құқықтық ғылым.
Ғылымның қалыптасу тарихы
«Криминология» терминін алғаш рет 1879 жылы француз антропологы Поль Топинард қолданған деп есептеледі. Оған дейін «қылмыстық әлеуметтану» термині қолданылған болатын. 1885 жылы итальяндық ғалым Раффаэле Гарофалоның «Криминология» атты кітабы жарық көрді. Дегенмен, қылмыстық мінез-құлық пен онымен күресу туралы идеялардың бастауларын Чезаре Беккарияның «Қылмыстар мен жазалар туралы» еңбегінен де табуға болады.
Көрнекті отандық ғалым: Елеген Қайыржанов
Отандық қылмыстық құқық пен криминология ғылымдарының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан криминологиялық қауымдастығының құрметті профессоры Елеген Қайыржанов 1933 жылы 17 қыркүйек күні, Атырау облысында дүниеге келген.
1954 жылы Алматы мемлекеттік заң институтын бітіріп, Свердловск қаласында арнайы даярлықтан өткен. 1966 жылы С. М. Киров атындағы ҚазМҰУ-дың аспирантурасын тәмамдады. Еңбек жолын 1954 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде бастаған. Кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының Философия және құқық институтында, КСРО ІІМ Қарағанды және Омбы жоғары мектептерінде, сондай-ақ ҚазМҰУ мен «Қайнар» университетінде жауапты қызметтер атқарды.
200-ден астам ғылыми еңбек (оның ішінде 22 монография) жариялаған. Оның жетекшілігімен 10 заң ғылымдарының докторы және 50-ден астам заң ғылымдарының кандидаты даярланды.
Криминологиялық зерттеу әдістері
Криминологиялық зерттеу әдістемесі – қылмыс, оның себептері мен жағдайлары, қылмыскердің жеке басы және күрес шаралары туралы ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және бағалау жүйесі. Бұл салалаларда статистикалық, сауалнама және сұхбат, тестілеу және социометрия, құжаттық әдіс пен бақылау, сараптамалық бағалау және эксперимент әдістері кеңінен қолданылады. Сонымен қатар криминологияның отбасылық, экономикалық, саяси, діни, құқықтық, экологиялық криминология және БАҚ криминологиясы сияқты жекелеген салалары да бар.
Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындары өтеді — jananews.kz

