Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындары өтеді

Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында өтетін XX жазғы Азия ойындарының басталуына санаулы күндер қалды.

Ауқымды байрақты бәсеке биыл 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында ұйымдастырылады. Төртжылдықтың басты додасында ел намысын Қазақстан ұлттық құрамасының сапынан 558 спортшы қорғайды.

Жарыс бағдарламасы мен масштаб

Қазақстандық спортшылар Азия ойындарының ресми бағдарламасына енгізілген 43 спорт түрінің 35-і бойынша медальдар үшін сынға түседі. Құрлықтық доданың ресми ашылу рәсімі 19 қыркүйек күні Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтеді. Салтанатты шара Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталады.

Азияның 45 елінен келген шамамен 15 мың спортшы қатысатын бұл бәсекеде барлығы 469 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Жарыстар Жапонияның 53 спорт нысанында өтеді. Тартысты додалар Аити префектурасы мен Нагоя қаласынан бөлек, Токио және Осака мегаполистерінде, сондай-ақ Сидзуока мен Гифу префектураларында ұйымдастырылады.

Ақтөбе облысында биыл екі мыңнан астам ірі қара малдан бруцеллез ауруы табылды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img