Қалалық іс-шаралар аясында қоғамдағы өзекті мәселелерге арналған маңызды жиын өтті.
18 қыркүйек күні Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Адал Қоғам» жобасы аясында Best Western Plus Atakent Park Hotel қонақүйінің «Көк төбе» залында ауқымды конференция ұйымдастырылды.
Конференцияның мақсаты мен қатысушылары
Жиынның басты мақсаты – түрлі сала мамандарының басын қосып, қоғамдағы адалдық, құқықтық жауапкершілік және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау, сондай-ақ өзара тәжірибе алмасу. Бұл маңызды басқосуға тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, қоғам белсенділері, ғалымдар мен студенттер қатысты.
Негізгі баяндамалар мен көтерілген тақырыптар
Конференция барысында бірқатар маңызды баяндамалар жасалып, қатысушылар өз салалары бойынша өзекті мәселелерді ортаға салды:
Қазақстан Республикасының Микроқаржы омбудсманы Назгүл Қарасовна «Қаржылық ортадағы адалдық пен жауапкершілік: азаматтардың құқықтарын қорғау және дауларды сотқа дейін реттеу тетіктері» тақырыбында баяндама жасады. Ол қаржылық қатынастардағы жауапкершілік пен дауларды сотқа дейін шешу жолдарын жан-жақты түсіндірді.
Айыпхан Мухамедиев “Адал Қоғамды” қалыптастыратын түбегейлі ұғымдарға тоқталып, қоғамның дұрыс түзілуіне және рухани жаңаруына ықпал ететін маңызды мәселелерді қозғады.
Заңгер Нұрғиса Алтай «Азаматтардың құқықтық жауапкершілігі және тұрғындарға тегін заңгерлік көмек көрсетудің маңызы» тақырыбында баяндама жасады. Ол халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, әр азаматтың өз құқықтарын жеттік білуі және тегін заңгерлік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттігін ерекше атап өтті.
Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдағы жауапкершілікті арттыру бағытындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты.
Алматыда Қала күні жоғары деңгейде өтіп, шараларға 1 миллионнан астам тұрғын қатысты — jananews.kz

