Оқушыларға арналған жасанды интеллект есептің дайын жауабын бермейді

Оқушыларға арналған отандық жасанды интеллект жүйелері тапсырмалардың дайын жауабын ұсынбауы тиіс.

Оның орнына баланың логикалық ойлау қабілетін дамытып, шешу жолын өз бетінше табуға бағыттауы қажет. Бұл туралы WONK білім беру AI-платформасының CEO-сы Ерсайын Бекболатов мәлімдеді, — деп хабарлайды kazinform.

Жасанды интеллекттің білім берудегі рөлі

Сарапшының айтуынша, мұндай ерекше тәсіл оқушының жасанды интеллектіні дайын шешім көшіріп алу немесе жұмыстан жалтару құралы ретінде емес, шынайы көмекші ретінде пайдалануы үшін арнайы енгізілген. Жүйе тіпті ең қарапайым «2+2» деген сұраққа да бірден дайын жауап ұсынбайды. Бұл оқушыда жасанды интеллектімен дұрыс жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, оның өз бетінше дамуына жол ашады. Жасанды интеллект алдымен тапсырманың орындалу қағидатын түсіндіріп, балаға дұрыс жол көрсетіп, шешімге бірге келуді ұсынады. Платформа оқушының жеке дайындық деңгейін ескере отырып, әр түрлі күрделіліктегі тапсырмаларды құрастыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін қазақстандық WONK білім беру AI-платформасы еліміздегі 33 мектепте пилоттық сынақтан өткен болатын. Бұл жүйе сабаққа дайындалу, материалдар әзірлеу, тестілеу, оқушыларды қолдау, ата-аналарға арналған сервистер мен мектеп әкімшілігіне қажетті аналитиканы бір жерге біріктіреді.

Грузияда жұмыс істейтін қазақстандықтарға жаңа талаптар қойылды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img