Қазақстан құрамасы WorldSkills Shanghai 2026 чемпионатында 8 жүлдеге ие болды

Қытайдың Шанхай қаласында өткен WorldSkills Shanghai 2026 48-ші әлем чемпионатында қазақстандық жас мамандар толағай табысқа қол жеткізді.

Жұмысшы мамандықтары бойынша бақ сынаған ұлттық құрама қоржынын 8 жүлдемен толықтырды, деп хабарлайды jananews.kz.

Шанхай аренасындағы жетістіктер

Биылғы дүниежүзілік додада Қазақстан атынан 31 құзыреттілік бойынша 33 колледж студенті қатысып, ел намысын қорғады. Нәтижесінде отандық қатысушылар жоғары кәсіби шеберліктерін дәлелдеді. «Ұшқышсыз авиациялық жүйелер» бағыты бойынша жарыс бағдарламасына алғаш рет еніп отыр, бұл сала бойынша Руслан Нестеренко қола жүлдегер атанды.

Кәсіби шеберлік үшін медальдар (Medallion for Excellence):

Ағыбай Мұхаметжан («Веб-технологиялар»);

Нодирбек Рустамханов («Сантехника және жылыту»);

Вадим Витковский («Дәнекерлеу технологиялары»);

Дарья Мельник («Өнеркәсіптік дизайн»);

Бағыжан Қойшыбаев («Графикалық дизайн»);

Рамазан Нұрлан мен Денис Панин («Мехатроника» бағыты бойынша топ ретінде).

«Цифрлық интерактивті медиа дизайны» құзыреттілігі бойынша сынға түскен Камила Алиева осы халықаралық арнайы марапатқа ие болды. Бұл жетістіктер елімізде техникалық және кәсіби білім беру сапасының артып, жас мамандардың халықаралық стандарттарға сай жұмыс істей алатынының көрінісі.

1 қазаннан бастап валюталық депозиттер бойынша қандай өзгерістер болады? — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img