Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы Алматы облысында дүркіреп өтті

Алматы облысында XX ғасырдың Гомері атанған ұлы ақын, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған ауқымды шаралар өз мәресіне жетті.

Түркі әлемінің ортақ мақтанышына айналған тұлғаның мерейтойы жыл басынан бері ел көлемінде аталып өтіп, ақындар мен батырлар мекені атанған Жамбыл ауданында қорытындыланды, деп хабарлайды jananews.kz.

Алатау баурайындағы дүбірлі той

Қазақтың ауыз әдебиеті мен халық поэзиясының көрнекті өкілі, жыраулық дәстүрді жалғастырушы Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай Алатау бөктерінде 50-ге жуық ақшаңқай киіз үй тігіліп, ұлттық рухты асқақтататын көріністер ұйымдастырылды. Салтанатты жиында Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының арнайы құттықтау хатын оқып берді.

Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов Жамбыл мұрасы ұлт руханиятының асыл қазынасы екенін атап өтіп, ақынның ғасырға жуық ғұмырында ел мұңын жырлағанын жеткізді. Ал ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан ұлы ақынның тағылымы тәуелсіздік дәуірінде жас ұрпаққа жол сілтейтін шамшырақ екенін ерекше атап өтті.

Мерекелік шаралар мен ұлттық спорт түрлері

Той қонақтары мен қала қонақтарына арналған мәдени-спорттық бағдарламалар ұйымдастырылды. Көркемөнерпаздар мен қолөнер шеберлерінің, асылтұқымды жылқы мен тазы иттердің көрмесі ұйымдастырылды. Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтіп, қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті. Сонымен қатар, бұл күні қазақ киносының классигі Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдық мерейтойы да назардан тыс қалмай, режиссердің туындыларынан үзінділер қойылып, театрландырылған көріністер көрсетілді.

Ұлы тұлғаның «Жамбыл — менің жай атым, Халық — менің шын атым» деген өшпес сөздері мен мол әдеби мұрасы қанша ғасыр өтсе да өз маңызын жоғалтпай, халқымен бірге жасай бермек.

«Мұғалімдер академиясына» қатысты дау шешімін тапты ма? — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img