Енді жедел жәрдем шақырған азаматтар көліктің қозғалысын картадан онлайн көре алады

Қазақстанда жедел жәрдем қызметінің сапасын арттыру және азаматтардың уақытын үнемдеу мақсатында жаңа жүйе іске қосылады.

Енді науқастар немесе олардың жақындары арнайы геосервис арқылы жедел жәрдем көлігінің қай жерде келе жатқанын тікелей эфирде қадағалай алады, деп хабарлайды jananews.kz.

Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрық жобасында көрсетілген бұл жаңашылдық 2026 жылғы 13 қазаннан бастап ресми түрде қолданысқа енеді. Диспетчер шақыртуға медициналық бригаданы (немесе кейбір жағдайларда емхананың мобильді бригадасын) бекіткеннен кейін пациенттің телефон нөміріне автоматты түрде SMS-хабарлама келеді. Хабарламадағы сілтеме арқылы азамат жедел жәрдем көлігінің қозғалысын нақты уақыт режимінде онлайн көре алады. Бұдан былай бригаданың қашан келетінін білу үшін диспетчерге қайта-қайта қоңырау шалудың қажеті жоқ. Жүйе науқастың туыстарына немесе шақырту жасаған адамға көліктің орналасқан жерін анық көрсетіп тұрады.

Аталмыш функция бұған дейін Астана сияқты кейбір қалаларда пилоттық режимде сәтті сынақтан өткен болатын. Енді бұл жаңа талап жедел медициналық көмек көрсетудің бірыңғай қағидаларына енгізіліп отыр. Сондай-ақ жаңа құжатта қажет болған жағдайда медициналық авиацияны тарта отырып көмек көрсету тәртібі де қамтылған.

Қазақстанда көмірден дизель отыны мен тыңайтқыш өндіретін жобалар қолға алынды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img