Қазақстанда азық-түлік өндірушілер, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар мен мал шаруашылығы кешендері үшін қолжетімді қаржыландыру тетігі іске қосылды.
«Агробизнес» бағдарламасы аясында айналым қаражатын толықтыру үшін кәсіпорындарға жылдық 5 %-бен жеңілдетілген несие беріледі, — деп хабарлайды jananews.kz.
Бағдарламаның негізгі шарттары мен талаптары
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолдауға және өндірістің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған жобаның негізгі параметрлері. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі де 5 %-дан басталады. Бір транш бойынша мерзім — 12 айға дейін, ал кредиттік желінің қолданылу мерзімі — 36 айға дейін болмақ. Несиені қайтару кестесі қарыз алушының қызмет ерекшелігі мен жеке бизнес-жоспарына сәйкес жасалады.
Қаражатты жұмсау бағыттары
Бөлінген қаржыны бағыттау мақсаттары шаруашылықтың түріне қарай айқындалады. Несие сомасының кемінде 70%-ы кейіннен бордақылау мақсатында ірі қара мал сатып алуға жұмсалуы тиіс. Қаражатты жемшөп пен жемшөп қоспаларын, жанар-жағармай материалдарын, ветеринариялық препараттарды сатып алуға пайдаланады. Сонымен қатар қаржыны жемшөп дайындау және тарату техникасына қажетті қосалқы бөлшектер алуға, сондай-ақ қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсауға рұқсат етілген. Бұл бастама қайта өңдеу кәсіпорындары мен мал шаруашылығы кешендерінің қаржылық қажеттілігін өтеп, өндірістік процестердің тұрақтылығын сақтауға зор үлес қоспақ.
Алматы маңындағы Қарағайлы қорымынан бірегей алтын жәдігер табылды — jananews.kz

