Қазақстанда әлеуметтік желілер арқылы жұрттан ақша жинау жұмыстарын реттейтін жаңа заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.
Бұл бастама қайырымдылық саласындағы ашықтықты қамтамасыз етіп, азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған, — деп хабарлайды jananews.kz.
Заң жобасының негізгі талаптары мен өзгерістері
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде (TikTok, Instagram және т.б.) аянышты видеолар немесе жасанды интеллект көмегімен жасалған роликтер арқылы қаражат жинау көбейіп кеткен болатын. Жаңа заң бұл бағытты қатаң бақылауға алмақ:
-
Енді халықтан қаражат жинау үшін «қайырымдылық еріктісі» мәртебесін алу міндетті. Қаражат бөтен біреу үшін жиналса, міндетті түрде сол адамның ресми рұқсаты болуы тиіс.
-
Қаржы жинайтын ұйымдар жиналған қаржының қайда және қалай жұмсалғаны туралы жыл сайын 31-наурызға дейін есеп тапсыруға тиіс.
-
Қайырымдылық қорларының әкімшілік шығындарына жұмсайтын қаражаты 20%-дан аспауы тиіс. Яғни жиналған соманың кемінде 80%-ы тікелей қайырымдылық жобаларына бағытталуы шарт. Есеп бермеген ұйымдар заң бойынша қудаланады.
-
Келер жылдың қаңтарынан бастап елде қайырымдылық қорларының бірыңғай тізілімі іске қосылады. Ал жеке тұлғалар үшін арнайы мемлекеттік краудфандинг платформасы жұмыс істейді. Мұқтаж жандар осы алаң арқылы өтініш беріп, тексерістен өткеннен кейін ғана ақша жинай алады.
-
Қайырымдылық қорларына жеке банк карталарына ақша жинауға қатаң тыйым салынады – тек заңды тұлғаның ресми шоты болуы керек. Ал жеке тұлғалар үшін жиналатын қаражат көлемі 15 мың АЕК-тен аспауы тиіс.
Мақсатсыз жұмсалған немесе есебі берілмеген қаржы үшін әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Қандастарға ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыру міндетті емес — jananews.kz

