Жедел жәрдем көлігі екі адамды қағып кетті

Алматы облысы Есік қаласында жедел жәрдем көлігі екі адамды қағып кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

«12 қыркүйек күні Алтын Адам аллеясы көшесімен жүріп келе жатқан жедел медициналық жәрдем жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен екі қызды қағып кеткен. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екі қыз да амбулаториялық емделуге жіберілді», — делінген хабарламада.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img