Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін Президент Жарлығымен Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған болатын.
Өмірбаяны мен еңбек жолы
Айдос Мырзахметов – әскери қызметке жиырма жылдан астам уақытын арнаған кәсіби кадрлық офицер. 1981 жылы 12 тамызда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген.
Білімі:
— 2002 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын үздік аяқтаған.
— 2025 жылы Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.
— Кейінгі жылдары ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік күзет жүйесінде жедел-командалық даярлық бойынша бірқатар арнайы курстардан өткен.
Мансап жолы:
— Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіндегі офицерлік қызметтің барлық сатыларынан өтіп, әртүрлі командалық және басшылық лауазымдарды атқарған.
— 2024 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалған болатын.
Әскери салаға сіңірген еңбегі үшін 2022 жылы II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.
Елімізде санитариялық авиация жылына 2 мыңға жуық шұғыл ұшуды орындайды — jananews.kz

