Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі

Алматыда тозығы жеткен және сейсмикалық тұрғыдан қауіпті тұрғын үйлерді жаңарту (реновация) жұмыстары активті түрде жүргізілуде.

2030 жылға дейін қаладағы жүздеген ескі үй кезең-кезеңімен сүріліп, бағдарлама аясында 7,5 мыңға жуық тұрғынды жаңа пәтерлерге көшіру жоспарланған. Қазіргі уақытта қалада 35 жоба қолға алынып, жыл басынан бері 432 пәтер иесі жаңа баспанаға қоныстанды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 1 000-нан асыру көзделген.

Ескі үйлердің жағдайы мен негізгі аудандар

Қала бойынша жаңартуды қажет ететін 1 400-ден астам ескі үй бар. Олардың басым бөлігі 1930-1980 жылдары аралығында салынған екі қабатты апатты ғимараттар. Ескі үйлердің басым бөлігі Жетісу, Түрксіб, Әуезов және Алмалы аудандарында орналасқан. Жылдар бойы жөндеу көрмеген, үйлердің іргетасы қисайып, қабырғалары жарылған, қыста жылу ұстамайды және шатырдан су өтеді. Қабырғасы қақырап, құлаудың алдында тұрған үйлердің барлығы алдағы 4 жыл ішінде толықтай сүріледі.

Тұрғындарға ұсынылатын баспанамен қамтудың 3 нұсқасы

«СПК «Алматы» АҚ баспасөз хатшысы Темирлан Нихамбаевтың айтуынша, реновация бағдарламасына түскен үй иелеріне 3 түрлі тиімді шешім ұсынылады:

  1. Тұрғындарға бұрынғы пәтерінің бөлме санына сәйкес (көбіне шаршы ауданы үлкенірек) толық дайын, кілтпен берілетін жаңа пәтер ұсынылады.

  2. Жаңа үй салынып біткенше тұрғындар уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі, кейін бұрынғы мекенжайында бой көтерген жаңа үйден пәтер алады.

  3. Мүлік иесі өз тұрғын үйін инвесторға нарықтық бағамен бірден сата алады.

Ескі үйлерді сүріп, орнына заманауи 9 қабатты жаңа тұрғын үй кешендерін тұрғызу. Тұрғындарға дайын пәтерлердің кілтін тапсырып, қауіпсіз әрі жайлы қалалық орта қалыптастыру.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img