Азиада-2026: Отандық спортшылар 13-ші күні алтын медаль үшін таласады

Жазғы Азия ойындарының 13-ші жарыс күні басталып, отандық спортшылар бірнеше спорт түрінен ел қоржынын жүлделермен толықтыруға мүмкіндік алып отыр.

Бүгін қазақстандықтар бокс, таеквондо, дзюдо, еркін күрес және джиу-джитсу сайыстарында бақ сынауда. Қазіргі таңда ел қоржынында 64 медаль бар: 9 алтын, 19 күміс және 36 қола, деп хабарлайды jananews.kz.

Теннисшілердің сәтті қадамы

Әйелдер арасындағы жұптық сында өнер көрсететін Анна Данилина мен Юлия Путинцева жартылай финалға автоматты түрде жолдама алды. Олар қытайлық теннисшілерге қарсы ойнауы тиіс болатын, алайда қарсыластары кездесуден бас тартты. Енді жерлестеріміз ақтық кезеңге шығу жолдамасын тайпейлік спортшылармен сарапқа салады.

Бокстан финалдық жекпе-жектер

Бүгін бокстан ең жауапты сәт – ақтық сын өтеді. Ел намысын қорғайтын екі былғары қолғап шебері алтын медаль үшін жұдырықтасады. Таңғы сессия (сағат 10:00 шамасында) 70 келі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан чемпиондық атақты иорданиялық Зейад Ишаишпен кездесті. Бірінші раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің барлығы 5:0 қойып басымдықты Төреханға берді. 3 раундтың қорытындысы бойынша Төрехан Сабырхан жеңіске жетіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Түстен кейінгі сессия (сағат 14:30) аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай шаршы алаңға шығып, өзбекстандық Жахонгир Зокировпен өзара мықтыны анықтайды.

Ұлттар лигасы: Қазақстан — Молдова матчы

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Молдова командасымен кездеседі. Ойын алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындары аяқталып, кездесуге толық дайындық пысықталды. Бұл матчта румыниялық төрешілер бригадасы қазылық етеді. Қос құрама осы уақытқа дейін 7 рет кездескен. Оның 3-уінде Қазақстан, 3-уінде молдовалықтар жеңіске жетіп, 1 ойын тең аяқталған.

Қазіргі таңда отандық футболшылар 2 ойында 1 ұпай жинап, өз тобында 3-орында келеді (сырт алаңда Фарер аралдарымен тең түсіп, Словакияға есе жіберген болатын). Матч Астана Арена стадионында кешкі 19:00-де басталады.

Салық қарызы бар тұлғалардың шетелге шығу ережесі өзгеруі мүмкін — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img