Берлинде Қазақстан киносы күндері өтті

Германияның астанасы Берлин қаласында отандық кинематографияның жетістіктерін насихаттауға арналған Қазақстан киносы күндері ұйымдастырылды, — деп хабарлайды jananews.kz.

Тарихи фильмдер мен көрермендермен кездесу

Мәдени іс-шара аясында неміс көрермендеріне қазақстандық кинематографияның тарихи тақырыптарды арқау еткен  «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» және «Жерұйық» маңызды туындылары ұсынылды. Шараның ашылу салтанатында Қазақстанның Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Онжанов құттықтау сөз сөйледі. Ал «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің көрсетілімі алдында туындының режиссері Рүстем Әбдірашев көрермендермен арнайы жүздесіп, фильмнің түсірілу ерекшеліктері мен тарихи маңызы туралы әңгімеледі. Көрсетілімдерге Германиядағы жергілікті тұрғындар, студенттер, неміс кинорежиссерлері, іскер топ өкілдері және бұл елде тұратын қазақ диаспорасы қатысты.

«Жерұйық» көркем фильмінің көрсетілімімен жалғасқан бұл іс-шара неміс көрермендеріне адам тағдыры, тарихи жады мен рухани құндылықтарды терең ашатын қазақ кино өнерімен жақынырақ танысуға тамаша мүмкіндік берді.

Әскерден оралған сарбаздарға ЖОО-дан 800 грант бөлінді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img