Соңғы үш жылдың көлемінде медицина қызметкерлеріне қатысты қозғалатын қылмыстық істер саны 4 есеге өскен. Бұл туралы «Sarap» клубының алаңында өткен жиында айтылды.
Сарапшылардың айтуынша, дәрігерлердің құқықтары мен әлеуметтік жағдайын толық қорғайтын арнайы жеке заң қабылдау қажет, деп хабарлайды jananews.kz.
Дәрігерлерге қатысты түйткілдер мен ұсыныстар
Кездесу барысында қазіргі қолданыстағы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның күтілген нәтижені толық бермей отырғаны атап өтілді. Осыған байланысты ақ халаттылардың мүддесін қорғау үшін келесі маңызды нормаларды қамтитын біртұтас заң қабылдау ұсынылды. Медицина қызметкерлерінің жалақысын есептеудің ашық механизмін әзірлеу және тиісті әлеуметтік кепілдіктерді заң жүзінде бекіту.
Өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде жұмыс істейтін жас мамандар мен тәжірибелі дәрігерлерге қолайлы жағдай жасау нормалары. Дәрігерлерге қатысты әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғалған жағдайда тәуелсіз сарапшылар мен кәсіби адвокаттарды міндетті түрде тарту мәселесін заң тұрғысында айқындау. «Aqniet» Денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Тәжібайдың айтуынша, еңбек қатынастары мен жұмыс уақытының нормалары бойынша әлі де шешімін таппаған мәселелер көп.
Сондықтан жекелеген баптармен шектелмей, барлық талаптарды біріктіретін жеке заң қажет. Жиында көтерілген бұл ұсыныстар тиісті министрлікке және «Әділет» партиясының жұмыс тобына ресми түрде жолданады.
Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы Алматы облысында дүркіреп өтті — jananews.kz

