Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының 2026 жылғы Жаһандық инновациялық индексінде үздік нәтиже көрсетті

Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) 2026 жылғы Жаһандық инновациялық индексінде (Global Innovation Index, GII) айтарлықтай ілгерілеу көрсетті.

Еліміз әлемнің 139 экономикасы арасында 81-орыннан 73-орынға шығып, соңғы 10 жылдағы ең жоғарғы нәтижесін тіркеді, деп хабарлайды jananews.kz.

Өңірлік және халықаралық көрсеткіштер

Өңірлік көрсеткіш бойынша Қазақстан Орталық Азия елдері арасында 1-орынға ие болды. Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында 11 экономиканың арасында 2-орынды еншіледі.

Табысы орташадан жоғары 35 елдің ішінде Қазақстан 17-орынға орналасты.

Ең елеулі ілгерілеу инновациялық нәтижелер бойынша байқалды. Инновациялық нәтижелер субиндексі (Innovation Outputs) бірден 11 сатыға көтеріліп, 84 орыннан 73-орынға шықты, ал инновациялық ресурстар субиндексі бойынша (Innovation Inputs) 75 орыннан 73-орынға жақсарды.

Жетістікке жеткізген жүйелі жұмыстар

GII 2026 нәтижелері Женевадағы ДЗМҰ штаб-пәтерінде мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдеріне арналған алдын ала таныстырылым барысында ұсынылды. Рейтинг көрсеткіштерінің жақсаруына ұлттық және халықаралық деңгейде жүргізілген жүйелі жұмыстар негіз болды:

  1. 2026 жылы Қазақстанның Женевадағы Тұрақты өкілдігі ДЗМҰ-мен тікелей өзара іс-қимыл орнатып, нақты индикаторлар мен деректердің сапасына басымдық берді.
  2. ДЗМҰ сарапшылары мен отандық мемлекеттік органдардың қатысуымен онлайн-консультациялар ұйымдастырылып, қолданыстағы статистикалық мәліметтер жан-жақты талқыланды.
  3. Халықаралық статистиканың сапасын арттыру және көрсеткіштердің дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету бағытында мазмұнды жұмыстар атқарылды.

Алға қойылған ауқымды міндеттер мен қол жеткізілген табыстарға қарамастан, алдағы уақытта ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығыстарды арттыру, университеттер мен бизнестің өзара іс-қимылын күшейту, венчурлік қаржыландыруды дамыту және инновациялық кластерлерді жетілдіру бағыттарында әлі де өсу әлеуеті бар.

4 қазаннан бастап Алматыда эвакуацияланған көліктерді сақтау үшін ақы алынады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img