Елімізде киберқауіпсіздік мамандарын даярлауға арналған гранттар көбейеді

Қазақстанда цифрлық қауіпсіздікті күшейту және салаға білікті кадрлар тартылуын қамтамасыз ету мақсатында киберқауіпсіздік бағытындағы гранттар саны артып келеді.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлім етті, деп хабарлайды jananews.kz.

Кадрлар даярлау және кибермәдениетті дамыту

Мемлекет басшысының бастамасымен елде кибермәдениетті қалыптастыру және озық мамандарды тәрбиелеу бағытында жүйелі шаралар қолға алынуда. Қазірдің өзінде киберқауіпсіздік мамандарын даярлау үшін еліміздің 12 жоғары оқу орнында арнайы гранттар бөлінген. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, 2030 жылға қарай гранттар санын шамамен 16,5 мыңға жеткізу көзделіп отыр.

Цифрлық қауіпсіздік пен деректерді қорғау шаралары

Үкімет отырысында дербес деректер мен аса маңызды цифрлық объектілерді қорғау мәселелері де пысықталды. Дербес деректерге қол жеткізуді бақылау сервисіне барлық мемлекеттік жүйелерді қамтитын 481 цифрлық жүйе қосылды. Қаңтар–тамыз айлары аралығында eGov жүйесінде 370 миллионнан астам сұрау өңделіп, келісімді кері қайтарып алудың 719 мың жағдайы тіркелді. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына аса маңызды 432 цифрлық объектінің 130-ы қосылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 50%-ға, ал 2027 жылы 70%-ға, 2028 жылы 90%-ға жеткізу жоспарланған.

Енді жедел жәрдем шақырған азаматтар көліктің қозғалысын картадан онлайн көре алады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img