Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды

Елордада кәсіби шеберліктің «WorldSkills Kazakhstan 2026» XI республикалық чемпионаты басталды.

Еліміздің барлық өңірінен жиналған 840-тан астам жас маман 44 құзыреттілік бойынша бақ сынауда, — деп хабарлайды jananews.kz.

Чемпионат бағыттары мен биылғы басты ерекшелік

Салтанатты ашылу рәсіміне Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов қатысып, бұл доданың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртудағы маңызына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бәсеке 6 негізгі саланы қамтитын 44 құзыреттілік бойынша ұйымдастырылған:

— Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

— Өндірістік логистика және инженерлік технологиялар;

— Көлік және логистика;

— Әлеуметтік және жеке қызметтер;

— Креативті индустриялар мен дизайн;

— Құрылыс технологиялары.

Биылғы чемпионаттың басты жаңалығы — жекелеген конкурстық тапсырмаларда жасанды интеллект құралдарының қолданылуы. Бұл қатысушыларға күнделікті кәсіби міндеттерді орындауда заманауи цифрлық технологияларды тиімді пайдалану машығын көрсетуге мүмкіндік береді. Кәсіби шеберлік сайыстары 26–28 қараша аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді. Ал дүбірлі доданың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі 30 қарашаға жоспарланған.

Алматы әлемнің баруға тұрарлық үздік 20 қаласының тізіміне енді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img