Елбасы 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» стратегиясын бекітті

Мемлекет басшысы елдің технологиялық дамуын жаңа белеске көтеретін маңызды құжатқа қол қойды.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, Президент «Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы» Жарлықты қабылдады.

Жаңа жалпыұлттық стратегия еліміздің барлық негізгі секторларын, соның ішінде мемлекеттік басқару, экономика, өнеркәсіп және әлеуметтік салаларды толықтай цифрлық трансформациялауды көздейді. Құжат аясында Жасанды интеллект (AI) шешімдерін күнделікті өмір мен өндірістік процестерге жаппай интеграциялауға басымдық берілмек. 2029 жылға дейін есептелген бұл ауқымды жоспар Қазақстанның аймақтағы басты цифрлық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға және отандық технологиялық инфрақұрылымды халықаралық стандарттарға сай жетілдіруге бағытталған.

Сән әлемінің болашағы: Алматыда ауқымды KIDS FACE FASHION SHOW өтті — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img