Еліміз даму көрсеткіші бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр

Қазақстан Legatum Prosperity Index 2026 (Даму индексі) халықаралық рейтингінде Орталық Азия елдері арасында жеке дара көш бастап, әлемнің 161 мемлекетінің ішінде 66-орынға тұрақтады.

Prosperity Institute ұйымы жариялаған бұл глобалдық индекс 130-дан астам көрсеткіш негізінде даму, еркіндік және қоғам сияқты 3 негізгі бағыт бойынша жасалады. 2026 жылғы бағалау әдістемесі жаңартылып, енді тек бір саладағы емес, барлық бағыттағы теңгерімді даму көрсеткіштері қатар ескерілді.

Қазақстанның жекелеген бағыттар бойынша көрсеткіштері

Еліміз әлеуметтік және институционалдық бірқатар маңызды салалар бойынша әлемдік деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Әлем бойынша «Отбасының тұтастығы» (Integrity of Families) 30-орын, білім беру саласынан 32-орын, «Қоғам» бағытынан 45-орында,  «Қоғамның тұтастығы» (Integrity of Society) бойынша 47-орын,  «Даму» бағыты бойынша 52-орында және өмір сүру деңгейі бойынша 53-орында тұрақтады.

Орталық Азия және әлемдік рейтингтегі орны

Орталық Азия өңірі мен көршілес елдер арасында Қазақстан ең жоғары көрсеткішке ие болып отыр.  Қазақстан жаһандық тізімде 66-орынға тұрақтап, өңірдегі көшбасшылық орнын нығайтты. Қырғыз Республикасы индексте 87-орынды иеленді. Өзбекстан Республикасы әлемдік рейтингтің 94-орнына орналасты. Ресей Федерациясы аталған жаһандық тізімде 103-орынға орналасты. Тәжікстан Республикасы рейтинг қорытындысы бойынша 129-орынға жайғасты. Түрікменстан даму көрсеткіші бойынша 150-орыннан көрінді.

2026 жылғы әлемдік рейтингіде барлық бағыт бойынша жоғары нәтиже көрсеткен Швейцария 1-орынға шықты. Алғашқы бестікке сондай-ақ Норвегия, Ирландия, Дания және Финляндия мемлекеттері енген.

Даму индексін бағалаудың негізгі кезеңдері

Legatum Prosperity Index 2026 бағалау құрылымы мынадай жүйелік қадамдардан тұрады:

1. Елдердің экономикалық, әлеуметтік және институционалдық даму параметрлерін жан-жақты талдау.
2. Даму, еркіндік және қоғам бағыттары бойынша біржақты емес, кешенді теңгерімді бағалауды енгізу.
3. 161 мемлекеттің арасындағы нақты орнын белгілеп, Орталық Азиядағы көшбасшы елдерді айқындау. 

Қазақстан — Орталық Азияда аналарды әлеуметтік қолдау деңгейі ең жоғары елдердің бірі — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img