Еуропадағы аптап ыстық пен құрғақшылық салдарынан Германияның 100-ден астам қаласы мен ауданында суды тұтынуға қатаң шектеулер енгізілді.
Report агенттігінің хабарлауынша, су тапшылығы қыс пен көктем мезгілінде жауын-шашынның аз түсуінен, өзендердегі су деңгейінің күрт төмендеуінен және аптап ыстықтың жиі қайталануынан туындап отыр.
Неміс қалаларындағы шектеулер мен тыйымдар
Германияның ірі қалалары мен аймақтарында суды үнемдеуге арналған мынадай шектеулер іске қосылды. Мюнхенде бақтағы бассейндерді суға толтыруға, көгалдарды суаруға және жеке автокөліктерді жууға толықтай тыйым салынды. Ганноверде ауа температурасы 27 градустан асқан уақытта бақшалар мен жасыл желектерді суаруға болмайды. Потсдамда емлекеттік тарихи сарай бақтарын суару уақытша тоқтатылды. Шектеу енгізілген 109 елді мекенде фермерлерге егістіктерді суару үшін өзендер мен көлдерден су алуға шектеу қойылды.
Ғалымдардың болжамы мен инфрақұрылымдық шешімдер
Сарапшылар елде су қоры толық таусылмағанымен, жекелеген өңірлерде тапшылық қатты сезілетінін ескертеді. Мюнхен техникалық университетінің профессоры Йорг Древестің айтуынша, Германия тазартылған ағынды суларды қайта пайдалану тәжірибесін кеңінен енгізуі тиіс. Сумен жабдықтау және сақтау жүйелерін дамытуға мемлекеттік әрі жеке инвестицияларды көбейту қажет. Су қоры жалпы ел бойынша жеткілікті болғанымен, құрғақшылық аймақтарында суды тұтынуды қатаң бақылау сақталады.
Алтын Орда дәуіріне жататын мешіт орны табылды — jananews.kz

