Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы елдегі сүт өндірісі мен экспортына қатысты жаңа деректерді жариялады.
Есепті кезеңде республика бойынша барлығы 441,3 мың тонна өңделген сүт өндірілді, деп хабарлайды jananews.kz.
Өңірлер бойынша көшбасшылар
Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өндіріс көлемі 0,2%-ға артты (өткен жылы 440,5 мың тонна болған). Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында өңделген сүт өндірісі бойынша ең жоғары көрсеткіштер мына өңірлерде тіркелді:
-
Солтүстік Қазақстан облысы — 120,8 мың тонна;
-
Ақмола облысы — 96,2 мың тонна;
-
Алматы облысы — 64,7 мың тонна;
-
Қостанай облысы — 43,0 мың тонна.
Еске салайық, 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде жалпы 671,0 мың тонна өңделген сүт өндіріліп, көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 6,2%-ға өскен болатын.
Сүт экспортының көрсеткіштері
Сонымен қатар 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында өңделген сүт экспорты 2,9 мың тоннаны құрады (бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 3,0%-ға артық). Қазақстандық өнімді сыртқы нарыққа шығарудың негізгі бағыттары:
Ресей — 2,24 мың тонна;
Өзбекстан — 307,9 тонна;
Тәжікстан — 194,0 тонна.
Бұл көрсеткіштер елдегі сүт өңдеу өнеркәсібінің тұрақты дамып келе жатқанын және экспорттық әлеуеттің артып жатқанының көрінісі.

