Елімізде LRT нысандарына арналған арнайы полиция басқармасы құрылады

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің құрылымында жеңіл рельсті көлік (LRT) нысандарының қауіпсіздігіне жауап беретін арнайы полиция басқармасы құрылады.

Тиісті Үкімет қаулысына Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды jananews.kz.

Жаңа басқарманың жұмыс ерекшеліктері

Жаңа басқарма ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің құрамына ресми түрде енгізіледі. Бұл құрылымды ұстауға республикалық бюджеттен қажетті қаражат қарастырылады. Үкіметтің бұл қаулысы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап толық күшіне енеді. Қазірдің өзінде көлік полициясының қызметкерлері Астанадағы LRT желісінде қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр. Атап айтқанда, полицейлер барлық 18 станцияда ауысыммен кезекшілік атқаруда.

Мәліметтерге сәйкес, Tarlan Astana іске қосылғалы бері LRT желісінде 3 қылмыстық және 37 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Жаңадан құрылатын арнайы басқарма бұл бағыттағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті одан әрі күшейте түспек.

Президент телерадиокешені мен Al Jazeera білім беру саласындағы жаңа жобаларды дамытады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img