Президент телерадиокешені мен Al Jazeera білім беру саласындағы жаңа жобаларды дамытады

Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені (ПТРК) мен әлемге әйгілі Al Jazeera Media Network медиахолдингі өзара ынтымақтастықты нығайтып, жаңа ауқымды білім беру және цифрлық жобаларды іске қосуға кірісті.

Бұл туралы «Қазақстандағы Al Jazeera» жобасының екінші маусымы аясында өткен ресми кездесуде белгілі болды, деп хабарлайды jananews.kz.

Маңызды кездесу мен жаңа бастамалар

ПТРК директоры Раушан Қажыбаева мен Қатардың жетекші медиа холдингінің делегациясын бастап келген Al Jazeera Media Institute директоры Иман Әл-Амри бастаған өкілдер медиа саласын дамыту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында маңызды ұсыныстар ортаға салынды.

Қазақстанды Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы негізгі медиа орталыққа айналдыру мақсатында қазақстандық БАҚ студенттері мен мамандарына арналған білім беру бағдарламаларын кеңейту көзделіп отыр. Платформаның директоры Асиль Мансур Қазақстанның мәдениетін, тарихы мен табиғатын насихаттайтын авторлық контент әзірлейтін креаторлар қауымдастығын қалыптастыруға арналған арнайы оқыту бағдарламасын іске қосуды ұсынды. Бұл материалдар халықаралық аудиторияға жол тартады. Al Jazeera Network аға продюсері Башар Хамдан Al Jazeera 360 платформасында арнайы бөлім ашып, онда Президент телерадиокешенінің үздік деректі жобаларын жариялауды ұсынды.

Президент телерадиокешенінің директоры Раушан Қажыбаева бұл бастамалар отандық журналистердің кәсіби құзыретін арттырып, жаңа буын мамандарын қалыптастыруға зор үлес қосатынын атап өтті.

Астанада озық IT өнімдердің ауқымды AI & Digital Bridge көрмесі өтіп жатыр — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img