2026 жылғы 13 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері бойынша шұғыл отырысы өтеді.
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров әлеуметтік желіде жазды. Жиында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің ұстанымын жеткізеді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтау, ұлттық компания басшыларының жеке жауапкершілігі және еліміздегі стратегиялық маңызды кәсіпорындардың қызметіндегі заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық береді.
Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын реформалау, ұлттық компаниялардағы басқару құрылымын оңтайландыру, мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету және ҚТЖ-ның тариф саясатын өзгерту мәселелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент ретіндегі қызметінде бірнеше жылдан бері тұрақты көтеріліп келеді.
Шарын шатқалы әлемнің үздік каньондары рейтингінде 17-орынға ие болды — jananews.kz

