2029 жылға дейін докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеге жете ме?

Елімізде ғылым мен жоғары білім саласын қолдауға бағытталған маңызды өзгерістер жалғасуда.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы уақытта докторанттардың стипендиясы айтарлықтай артатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды jananews.kz.

Өндірістік докторантура және жеңілдетілген талаптар

Биылдан бастап еліміздегі өндіріс саласында еңбек етіп жүрген тәжірибелі мамандар үшін докторантурада білім алу мүмкіндігі ашылды. Жаңа оқу жылында осы санаттағы 330 маман оқуға қабылданды. Министрдің айтуынша, бұл бағдарламаның бірнеше маңызды ерекшелігі бар. Оқу ұзақтығы 4 жыл емес, 3 жылды құрайды.

Сондай-ақ Скопус (Scopus) базасында мақала жариялау талабы жоқ. Оның орнына өндіріске инновациялық шешімдер енгізу көзделген, тіпті диссертацияны нақты өндірістік жобамен алмастыруға рұқсат етіледі. Өндірістегі тәжірибені ғылыми зерттеулермен ұштастырып, кәсіпорындардағы технологиялық және басқарушылық мәселелерді шешуге септігін тигізеді.

Шәкіртақы мөлшері кезең-кезеңімен өседі

Жиында көтерілген тағы бір өзекті мәселе – шәкіртақы мөлшерін арттыру. Қазіргі таңда PhD докторанттары ай сайын шамамен 260 мың теңге көлемінде стипендия алады. Мемлекет тарапынан қабылданған жоспарға сәйкес, 2029 жылға дейін докторанттардың ай сайынғы шәкіртақысы 500 мың теңгеге жетеді. Бұл ғылым жолын таңдаған жас мамандарды материалдық тұрғыдан қолдап, олардың тек ғылыми-зерттеу жұмыстарымен толық айналысуына жағдай жасайды.

Қазақстанның 18 университеті QS әлемдік рейтингіне енді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img