Қазақстанның 18 университеті QS әлемдік рейтингіне енді

Отандық жоғары білім беру жүйесінің халықаралық аренадағы беделі артуда.

Биыл беделді QS World University Rankings әлемдік рейтингіне еліміздің 18 университеті енді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, — деп хабарлайды jananews.kz.

Халықаралық рейтингтердегі отандық ЖОО-лардың жетістіктері

Министрдің айтуынша, соңғы жылдары қазақстандық университеттердің әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіндегі позициясы едәуір жақсарған. Соңғы бес жылда Times Higher Education (THE) рейтингіне енген қазақстандық университеттердің саны 3-тен 10 ЖОО-ға дейін өсті. Ал QS Asia рейтингінде еліміздің 51 жоғары оқу орны қамтылған.

Аталмыш рейтингтердің ішінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Satbayev University және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Азияның үздік 100 университетінің қатарына еніп, жоғары нәтиже көрсетті. Бұл жетістіктер еліміздегі жоғары оқу орындарының білім беру сапасын арттырып, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесі екенін көрсетеді.

Берлинде Қазақстан киносы күндері өтті — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img