Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубының тізгінін 44 жастағы бельгиялық маман Карел Герартс ұстады.
Бұл туралы клубтың амбассадоры әрі тең иесі Бейбіт Әлібеков ресми түрде мәлімдеді, — деп хабарлайды jananews.kz.
Жаңа бапкердің еуропалық тәжірибесі
Бельгиялық маманның еуропалық беделді клубтарда жұмыс істеген мол тәжірибесі бар. «Юнион» (Бельгия) командасын 57 матчта жаттықтырып, клубты Еуропа лигасының ширек финалына дейін алып шыққан. Сонымен қатар неміс клубы «Шалькені» (Германия) 33 ресми кездесуде басқарды. «Реймс» (Франция) клубы маманның соңғы жұмыс орны. Француз клубымен 40 матч өткізген Герартс 2026 жылдың мамыр айында командадан кеткен болатын.
«Карел Герартс — «Ордабасының» жаңа бас бапкері. Ол бұған дейін «Юнион», «Шальке» және «Реймс» клубтарын жаттықтырған», — деп жазды Бейбіт Әлібеков әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еуропа футболында шыңдалған жаңа бапкердің келуі шымкенттік клубтың алдағы маусымдағы ойын деңгейін арттырып, халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне серпін береді деп күтілуде.
Астанада азық-түлік бағасын 15%-дан артық көтеруге тыйым салынды — jananews.kz

