Алматы қаласы әлемнің баруға тұрарлық үздік 20 қаласының қатарына енді.
Мұндай қорытындыны BBC TRAVEL басылымы жариялады, — деп хабарлайды jananews.kz.
Таулар мен жазық даласы үйлесім тапқан Алматы шетелдік туристердің назарын аударып келеді. Табиғи сұлулығы мен мәдени мұрасы үйлескен шаһар саяхатшылар үшін тартымды бағыттардың біріне айналған. Мақала авторы олардың бірқатарына тоқталған.
Алматының көркем табиғаты, сәулеті ерекше ғимараттары мен тарихи орындары қалаға айрықша келбет береді. Сонымен қатар дәмі тіл үйіретін жергілікті ас мәзірі мен халықтың тарихи тұрмысынан хабар беретін музейлер мен мәдени мекемелер мақалада ерекше атап өтіледі.

